KZ
KZ RU
08 қараша 2018 15:04

Бірінші лига. Қазан айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

08 қараша 2018 15:04
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қазан айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей: 
 
Бірінші Лиганың қазан айындағы ең үздік ойыншысы - «Оқжетпес» шабуылшысы Никита Баженов.
 
Бірінші Лиганың қазан айындағы ең үздік бас бапкері - Сергей Попков, «Оқжетпес» футбол клубы.