KZ
KZ RU
29 қазан 2021 18:28

Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігі аяқталды

29 қазан 2021 18:28
Бүгін Бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі өз мәресіне жетті.
22 турдың қорытындысы бойынша 50 ұпай жинаған «Ақсу» (Павлодар) футбол клубы алтын медальдарға ие болды.
Екінші орынды 46 ұпаймен «Мақтаарал» командасы иеленді. Үздік үштікті «Қыран» командасының ойыншылары тұйықтады.
22 ойында қарсылас командалардың қақпаларын 21 рет дәл көздеген Мирас Тұрлыбек («Ақсу») жарыстың үздік сұрмергені атанды.