KZ
KZ RU
22 ақпан 2016 18:53

Бірінші лига клубтарының басшылары мәжіліске қатысты

22 ақпан 2016 18:53

Осы жиында клубтар Біріншіліктің пішімі туралы өздерінің тілектерін білдірді. Жиналысқа қатысушылар Біріншілікті өткізудің құрылымы және 2016 жылдың күнтізбесі жайлы сұрақтарын талқылады.  

Оған қоса, клуб жетекшілері Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңіндегі ойындарын топтық жарыста, елдің оңтүстік аймақтарында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Осы пікір Қазақстан футбол федерациясының Атқару Комитетінің Бюросында қарастырылады. 

Клуб басшылары тағы Бірінші лига матчтарын көрсету үшін ПФЛК-ТВ интернет-жобасын қосу туралы сұрағын қарастырды. Клубтар ҚКФЛ-дың ұсынысына қызығушылық және толық қолдаушылық білдірді.