KZ
KZ RU
08 маусым 2018 10:03

Бірінші лига. Мамыр айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

08 маусым 2018 10:03
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің мамыр айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Бірінші лиганың мамыр айындағы үздік ойыншысы болып, 14 ұпай жинаған «Қыран» шабуылшысы Абылайхан Махамбетов танылды. Сұрмерген бұл атақты қатарынан екінші рет иеленіп отыр. Футболшы сәуір айының қорытындысы бойынша үздік атанған еді.
 
Өткен айдың үздік бас бапкері атағы төрт ұпай жинаған «Алтай» футбол клубының жетекшісі Сергей Тимофеевке бұйырды.