KZ
KZ RU
10 шілде 2018 14:35

Бірінші лига. Маусым айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

10 шілде 2018 14:35
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
2018 жылдың маусым айының үздік футболшысы болып 16 ұпай жинаған Абылайхан Махамбетов атанды. Ол үшінші ай қатарынан айдың үздігі танылып отыр. 
 
Маусымның үздік бас бапкері атағы «Жетісу Б» жаттықтырушысы Константин Горовенкоға берілді. Ол 5 ұпай жинады.