KZ
KZ RU
26 мамыр 2022 11:21

Бірінші Лига ойындарының өткізу күндері өзгертілді

26 мамыр 2022 11:21
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің ойындарының өткізу күндерінің өзгергені туралы хабарлайды.
 
«Қайсар» және «Жетісу» футбол клубтарының 2022 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы OLIMPBET-Кубогының топтық кезеңіне қатысуына байланысты, Бірінші Лига клубтары арасындағы футбол бойынша Қазақстан Республикасы Біріншілігі Регламентінің 5.20.6 тармақшасына сәйкес, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Біріншілігі ойындарының күнтізбесіне келесі өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады:
 
12 маусым, 11 тур: Байқоңыр – Қайсар, Жетісу – Оңтүстік академиясы
24 маусым, 9 тур: Екібастұз – Яссы
29 маусым, 12 тур: Қайсар – Женис, Яссы – Жетісу
3 шілде, 10 тур: Яссы – Байқоңыр
12 шілде, 13 тур: Жетісу – Қайсар
24 тамыз, 14 тур: Қайсар – Яссы, Астана (жас) – Жетісу
28 тамыз, 17 тур: Яссы – Оқжетпес, Қайсар – Астана (жас)
4 қазан, 15 тур: Игілік – Қайсар, Жетісу – Оқжетпес