KZ
KZ RU
10 мамыр 2018 18:26

Бірінші лига. Сәуір айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

10 мамыр 2018 18:26

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің сәуір айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.

Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.  

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады. 

Сауалнама нәтижелері келесідей:

«Қыран» шабуылшысы Абылайхан Махамбетов 18 ұпай жинап, Бірінші лиганың 2018 жылдың сәуірі айындағы ең үздік футболшы атанды.

Өткен айдың үздік бас бапкері атағы «Қыран» футбол клубының бас бапкері Ғалымжан Төлегеновке бұйырды. Ол 5 ұпай жинады.