KZ
KZ RU
11 қыркүйек 2019 10:37

Бірінші лига. Тамыз айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

11 қыркүйек 2019 10:37
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің тамыз айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей: 
 
Бірінші Лиганың тамыз айындағы ең үздік ойыншысы - «Каспий» шабуылшысы Айдос Тәттібаев.
 
Бірінші Лиганың тамыз айындағы ең үздік бас бапкері - Константин Горовенко, «Жетісу Б»