KZ
KZ RU
07 қазан 2019 17:18

Бірінші лига. Қыркүйек айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

07 қазан 2019 17:18

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қыркүйек айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Бірінші Лиганың қыркүйек айындағы ең үздік ойыншысы - «Каспий» шабуылшысы Айдос Тәттібаев.
 
Бірінші Лиганың қыркүйек айындағы ең үздік бас бапкерлер - Әли Әлиев, «Қызыл-Жар СК» және Руслан Эсатов, «Мақтарал».