KZ
KZ RU
04 сәуір 2018 19:19

Бірінші лиганың 1 турының символикалық құрамасы

04 сәуір 2018 19:19
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сіздің назарларыңызға 2018 жылғы маусымның Бірінші лиганың бірінші турының символикалық құрамасын ұсынады.  
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған. 
 
Үздіктердің тізімі келесідей: 
 
Қақпашы: Нұрымжан Салайдин, «Байқоңыр»;
 
«Байқоныр» қақпашысы Нұрымжан Салайдин «Таразбен» болған ойында өз қақпасына гол соқтырмады (0:0). Жас қақпашы 6 соққы қайтарып, 3 тамаша сейв жасады.Сонымен қатар Салайдин 12 рет қақпадан сәтті шыға білді. Ойын индексі – 258.  
 
Оң жақ қорғаушы: Фархадбек Ирисметов, «Алтай»;
 
Тәжірибелі қорғаушы Шакинға гол соғуға мүмкіндік жасап, өзінің командасына «Ақтөбес-Жаспен» болған кездесуде жеңіске жетуге көмектесті. Негізінен Ирисметовтың маңызды әрекеттері шабуылды күшейтуге бағытталды: гол 3 рет маңызды пас жасады, 6 рет қарсылас айып алаңына дәл кросс шығарды. Ойын индексі – 215.  
 
Орталық қорғаушыларВладимир Седельников, «Қыран»; Ануар Ұмашев, «Алтай»;
  
Қорғаныстың тәжірибелі ойыншысы Седельников өзінің командасына «Шахтер-Болатпен» болған ойында жеңіске жетуге септігін тигізді. Владимир 12 болған жекпе-жектің 10 жеңіске жетті (83% көрсеткіш), сонымен қатар ол 12 рет пастарды тоқтатты. Ойын индексі – 217.
 
Ұмашев Бірінші лиганың бірінші турында орталық қорғаушы орнын сол қаптал қорғаушы орнына ауыстырды. Өзінің жаңа орнына қарамастан, Ануар «Ақтөбе-Жаспен» болған ойында өзін жақсы көрсете білді – ол 82 дәл пас бағыттады (88% көрсеткіш), екі маңызды пас жасады және екі рет допты тартып алды. Ойын индексі – 216.
 
Сол жақ қорғаушы: Наурызбек Жағоров, «Оқжетпес»;
 
Өзінің Бірінші лигадағы алғашқы ойынында атырау футбол мектебінің түлегі Жагоров өзін жақсы жағынан көрсете білді. Бұл жас қорғаушы «Оқжетпестің» сапында техника-тактикалық әрекеттерді ең көп жасаған ойыншы – 100, және де ол 3 рет қарсыласты алдай білді, 5 рет допты тартып ала алды. Ойын индексі – 206.  
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Әлибобо Рахматұллаев, «Қыран»;
 
Қысқы маумысаралық үзілісте «Қыран» сапын толықтырған Әлибобо Рахматұллаев өзінің командасына алғашқы ойынында пайда әкелді. Ол командаластарына екі ассист жасады. Бұдан басқа Әлибобо 2 маңызды пас жасады және қарсылас айып алаңына 4 дәл кросс жасады. Ойын индексі – 205.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Евгений Левин, «Қыран»; Виталий Гошкодеря, «Оқжетпес»;
 
Левин «Шахтер-Болат» (4:1) қақпасына айып добынан тамаша соққы жасап, кездесудегі төртінші голды соқты. Сондай-ақ, ол қарсылас пастарын тоқту жағынан өзін көрсете білді – 7 сәтті әрекет жасады, және де 15 подбор жасады, оның ішінде 10 қарсылас алаңының бөлігінде. Ойын индексі – 249.   
 
2017 жылғы маусымда көкшетаулық клубтың намысын қорғаған тәжірибелі украиндық жартылай қорғаушы Виталий Гошкодеря енді «Оқжетпеске» пайдасын Бірінші лигада көрсетуде. Өткен турда Гошкодеря көп көлемде пас жасап ерекшеленді – ол өз командаластарына 58 дәл пас бағыттады (81% көрсеткіш), сонымен қатар ол жекпе-жектерде басымдылық көрсетті – ойыншы 15 күрестің 10 жеңді, және де кездесудегі жалғыз голдың соғылуына өз септігін тигізді. Ойын индексі – 238.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Әділет Әбдінәби, «Тараз»;
 
Әбдінәби «Байқоңырмен» болған матчында «Тараздың» ең белсенді ойыншылардың бірі болды. Жартылай қорғаушы өзінің жеке шеберлігін көрсетіп, 5 рет қарсыласты сәтті алдай білді, 8 рет допты тартып алды және Салайдин қақпасына екі рет тура соққы бағыттады. Ойын индексі – 208.  
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Нұрсайын Жолдасов, «Қыран»;
 
Жолдасов «Шахтер-Болатқа» қарсы жоғары деңгейлі футбол көрсетті. Шабуыл шебінде ойнап, әдемі гол соқты және жартылай қорғаушылар арасында әрекет Индексі бойынша – 210 – үздік атанды.  
 
Шабуылшы: Абылайхан Махамбетов, «Қыран»;
 
Махамбетов әрекет Индексі бойынша турдың үздік ойыншысы атанды – 327. Шабуылшы екі гол соқты. Сондай-ақ Абылайхан дриблингте өзін көрсете білді – ол қарсыласты үш рет алдады.