KZ
KZ RU
11 шілде 2018 18:17

Бірінші лиганың 17-турының үздіктер құрамасы

11 шілде 2018 18:17
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он жетінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Руслан Абжанов, «Оқжетпес»
 
Алматыда «Оқжетпес» қақпашысы қақпаға ұшқан доптың барлығын қайтарды. Руслан Абжановтың қақпадан шығып ойнау көрсеткіші де өте жақсы – 10 (10). Ойын индексі – 253.
 
Сол жақ қорғаушы: Мейіржан Кәмбіл, «Мақтарал»
 
Мейіржан Кәмбіл өз қапталы арқылы қарсыластың айып алаңына жақындауына жол бермеді. «Мақтарал» қорғаушысы 80 пайыз дәл пас берді. Ойын индексі – 194.
 
Орталық қорғаушылар: Драмане Коне, «Каспий»; Ұлықбек Сырлыбаев, «Ақтөбе-Жас»
 
«Ақтөбе-Жаспен» өткен кездесуде Драмане Коне жақсы ойынымен көзге түсті. Ивуарлық футболшы әуедегі допқа таластың барлығында жеңіске жетті. Пастары да сапалы шықты – 88 пайыз. Ойын индексі – 233.
 
Дәл осы ойында қарама-қарсы айып алаңда Ұлықбек Сырлыбаев жақсы қырынан танылды. Ол допқа таластың барлығында жеңіске жетіп, тура пастарының саны 83 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 227.
 
Оң жақ қорғаушы: Мақсат Әмірханов, «Тараз»
 
Туған командасы «Таразға» қайта оралған Мақсат Әмірханов алғашқы ойынында жақсы ойын көрсетті. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ойын индексі – 265.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Виталий Гошкодеря, «Оқжетпес»
 
«Қайрат А» командасына қарсы Виталий Гошкодеря допқа таластың 83 пайызында жеңіске жетті. Украиналық ойыншы алаңдағы позицияны жақсы таңдау арқылы қараусыз қалған 10 допты қағып әкетті. Дәл пастары 85 пайызды құрады. Ойын индексі – 226.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Азамат Елтаев, «Каспий»
 
«Ақтөбе-Жас» командасымен болған кездесуде Азамат Елтаев «Каспийдің» шабуылдаушы ойыншыларының тобында ең белсенді ойыншылардың бірі болды. Ол бір гол соқты. Жартылай қорғаушының дәл пастарының саны да керемт – 84 пайыз. Ойын индексі – 213.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Алибобо Рахматуллаев, «Қыран»
 
«Қыранның» оң қапталына жауапты Алибобо Рахматуллаев қарсыластың қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Өзбек футболшысы өз қапталынан айып алаңнына төрт рет шешуші пас шығарып, екі голдың соғылуына септігін тигізді. Ойын индексі – 227.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Әділет Әбденәби, «Тараз»; Ғалымжан Ермырзаев «Мақтарал»
 
Өз алаңында «Алтайға» қарсы өткен кездесуде Әділет Әбденәби «Тараздың» барлық шабуыл бастап отырды. Барлық комбинация оның қатысуымен ұйымдастырылды. Нәтижелі пас, қақпаға тура бағытталған екі соққы, айып алаңына шығарылған алты пас. Осының барлығы 22 жастағы плеймейкердің еншісіне жазылды. Ойын индексі – 232.
 
Ғалымжан Ермырзаев қарсыластың қорғанысына маза бермеді. Жартылай қорғаушы қақпаға допты екі рет тура тепті, үш рет қарсыласын алдап өтті. Ол керемет комбинацияның бастап, кейін оны қақпаға тура соққысымен түйіндеді. Ойын индексі – 222.
 
Шабуылшылар: Темірлан Әміров, «Қыран»
 
«Байқоңырға» қарсы Темірлан Әміров керемет ойын көрсетті. 21 жастағы шабуылшы ойынды қолға алып, 9 рет қарсыласын алдап өтті. 5 рет қарсыластары футболшыға қарсы ереже бұзды. Екінші таймда соққан маңызды екі голының арқасында турдағы ең үздік көрсеткішке ие болды. Ойын индексі – 300.