KZ
KZ RU
05 қыркүйек 2019 22:14

Бірінші лиганың 19-турының үздіктер құрамасы

05 қыркүйек 2019 22:14

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2019 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың 19-турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Олег Грубов, «Қызыл-Жар СК»
 
Сол жақ қорғаушы: Алексей Скворцов, «Екібастұз»
 
Орталық қорғаушылар: Айдын Бралин, «Екібастұз»; Олег Пасеченко, «Мақтарал»
 
Оң жақ қорғаушы: Диержон Арипов, «Мақтарал»
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Павел Кривенцев, «Қызыл-Жар СК»
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Рауль Джалилов, «Жетісу Б»; Руслан Сақалбаев, «Каспий»; Фаррух Шотурсунов, «Мақтарал»
 
Шабуылшылар:  Момоду Сисей, «Қызыл-Жар СК»; Айдос Тәттібаев, «Каспий»