KZ
KZ RU
09 қазан 2018 18:01

Бірінші лиганың 30-турының үздіктер құрамасы

09 қазан 2018 18:01

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің отызыншы турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Хамит Матаев, «Шахтер-Болат»

«Шахтер-Болат» өз алаңында «Мақтаралды» қабылдап, әрең жеңіске жетті. Теміртаулықтардың қақпашысы қарсыластың алты соққысын қайтарып, екі рет қақпасын голдан құтқарып қалды. Ойын индексі – 216.

Сол жақ қорғаушы: Талғат Кусяпов, «Оқжетпес»

«Алтаймен» өткен ойында Талғат Кусяпов қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрді. Жас қорғаушы қарсыластың пасын 11 рет тоқтатып, пастарының дәлдігін 80 паыйзға жеткізді. Қарсыластың айып алаңына үш рет тура пас шығарды. Ойын индексі – 222.

Орталық қорғаушылар: Ренат Абдулин, «Оқжетпес»; Мадияр Нұралы, «Тараз»

Ренат Абудлин өз айып алаңында да, қарсыластың айып алаңында да жақсы ойнауға тырысты. Бұрыштама добынан кейін гол соқты. Допқа таластың 86 пайызында жеңіске жетті. Ойын индексі – 258.

«Қыранмен» өткен кездесуде Мадияр Нұралы жақсы қырынан танылды. «Тараз» қорғаушысы қорғаныста сауатты ойнап, Махамбетов бастаған ұжымның шабуылдарын тоқтатты. Ойын  индексі – 259.

 Оң жақ қорғаушы: Нұржарық Күнов, «Алтай»

«Алтай» сырт алаңда «Оқжетпеске» жол берді. Алайда, Нұржарық Күновтің ойынына айып тағу мүмкін емес. Ол жүктелген міндеттің барлығын абыроймен атқарып шықты. Ойын индексі – 222.

Орталық жартылай қорғаушы: Артем Касьянов, «Оқжетпес»

Артем Касьянов тоқсан минут бойы орталық алаңды бақылауда ұстады. Қарсыластың айып алаңына жеті рет шешуші пас шығарды. Оның біреуі голға ұласты. Ойын индексі – 238.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Сергей Дудкин, «Алтай»

«Оқжетпеспен» өткен кездесудің үшінші минутында Сергей Дудкин керемет гол соқты. Кейін ол сол қапталда өте белсенді ойнады. Ресейлік футболшы қараусыз қалған 13 допты иеленіп кетті. Пастарының дәлдігі – 79 пайыз. Ойын индексі – 222.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Арман Нүсіп, «Қайрат А»

Қызылордада өткен ойында Арман Нүсіп жасыл алаңда ең белсенділердің қатарында болды. Төрт рет дриблинг қолданып, айып алаңыне екі рет шешуші пас шығарды. Ойын индексі– 235.

Шабуылшылар: Шоқан Абзалов, «Байқоңыр»; Самит Чулагов, «Екібастұз»; Қуаныш Бегалин, «Екібастұз»

Абзалов – «Байқоңырдың» негізгі ойыншысы. Бұл жолы қызылордалықтардың шабуылшысы бір гол соығп, екі рет қарсыласын алдап өтті. Пастарының дәлдігі – 86. Шоқан турдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды. Ойын индексі – 320.

«Ақтөбе-Жаспен» өткен ойында үзілістен кейін алаңға шыққан Самит Чулагов екі рет гол соқты. Ойын индексі – 280.

Қуаныш Бегалиннің голы мен екі нәтижелі пасы Ақтөбеде өтке ойынның тағдырын шешті. Тәжірибелі шабуылшы команданың жеңісі үшін көп жұмыс атқарды. Ойын индексі – 280.