KZ
KZ RU
27 сәуір 2018 15:03

Бірінші лиганың 4-турының үздіктер құрамасы

27 сәуір 2018 15:03
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сіздің назарларыңызға Бірінші лиганың алтыншы турының үздіктер құрамасын ұсынамыз.
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Яроcлав Багинский, «Оқжетпес»;
 
Көкшетаулық команданың қақпашысы маусымды тамаша бастады. Яроcлав Багинский қатарынан төрт ойын қақпасын голдан құтқарды. «Каспиймен» өткен ойында бір сейв жасап, үш рет соққына қайтарды. Төрт рет қақпадан шығу кезінде сәтті ойнады. Ойын индексі – 232.
 
Сол жақ қорғаушы: Мирас Төлиев, «Оқжетпес»;
 
Көкшетаулық команданың тағы бір ойыншысы бұрынғы командасына қарсы сәтті ойнап, үздіктер құрамасының тізімне енді. Пас беруде Мирас Төлиев жақсы нәтиже көрсетті. Дәлдігі – 83 пайыз. Сонымен қатар, 5 рет допқа талас кезінде жеңімпаз атанса, 8 рет қарсыластың пасын қағып әкетті. Ойын индексі – 198.
 
Орталық қорғаушылар: Ренат Абдулин, «Оқжетпес»; Рауан Орынбасар, «Жетісу Б»;
 
Сергей Попков шәкірттері қорғаныста тәртіпті ойнады. Олардың ішінде ең үздігі тәжірибелі Ренат Абдулин болды. Қорғаушы допқа таластың 80 пайызында жеңіске жетті. Үш рет допты тартып алды (100 пайыз). Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Қарсыластың пасын қағып әкету көрсеткіші – 8. Ойын индексі – 237.
 
Өткен турда 20 жастағы Рауан Орынбасары сенімді әрі пайдалы ойын ойнады. Кездесудің соңында «Ақтөбе-Жас» қақпасына жеңіс голын соқты. Сонымен қатар, 10 рет допқа таласып, жеңіске жетті. 17 рет допты тартып алып, 6 рет қарсыластың пасын қағып әкетті. Пастарының дәлдігі – 91 пайыз. Ойын индексі – 226.
 
Оң жақ қорғаушы: Антон Куксин, «Оқжетпес»;
 
Антон Куксин үздік ойыншылардың құрамына қатарынан екінші ойын ілігіп отыр. «Оқжетпестің» қапталдағы қорғаушысы гол соғып, екі рет қарсыласты алдап өтті. Ойын индексі – 244.
 
Орталық жартылай қорғаушы: Предраг Говедарица, «Тараз»;
 
Турдағы ең нәтижелі ойында Предраг Говедарица қарсыластың қақпасын екі рет дәл көздеді. Ойын бойы қақпаға төрт соққы (үшеуі – тура) бағыттап, 6 рет қарсыластың пасын жарты жолдан іліп әкетті. Серб футболшысы ең жоғары көрсеткішке ие болды. Ойын индексі – 295.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Абзал Таубай, «Тараз»;
 
«Тараздың» вингеріне «Екібастұзбен» өткен ойын өте сәтті аяқталды. Абзал Таубай екі рет нәтижелі пастың авторы атанса, 6 рет қарсыласын алдап өтті. Дәл пастардың көрсеткіші – 74 пайыз. Ойын индексі – 227.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Думан Тұрсынбай, «Тараз»;
 
Оң қапталда ойнаған Думан Тұрсынбай «Тараз» жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Ол қарсыластың айыпа алаңында емін-еркін қимылдп, бір рет мергендік танытты.  Ойыншының пастарының дәлдігінде атап өтуге болады – 80 пайыз. Ойын индексі – 220.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Санат Жұмаханов, «Оқжетпес»;
 
Әмбебап ойыншы тұрақты ойын көрсетіп, жақсы қалпында екенін дәлелдей түсті. Ол қатарынан үздіктер құрамасына екінші рет еніп отыр. Шымкентте өткен кездесуде Санат Жұмаханов екі нәтижелі пастың авторы атанып, «Каспий» қақпасына екі рет соққы бағыттады. Ойын индексі – 215.
 
Шабуылшылар: Алексей Шакин, «Алтай»; Абылайхан Махамбетов, «Қыран»;
 
Алексей Шакин соққан голдың арқасында «Алтай» сырт алаңда «Мақтааралдан» басым түсті. Тәжірибелі футболшы соғылған голдан бөлек, пастарының дәлдігімен есте қалды. 89 пайыз. Ойын индексі – 214.
 
«Қыран» шабуылшысы Абылай Махамбетов соққан голының арқасында үздіктер құрамасынан лайықты орын алды. Форвард қарсыластың қақпасына 9 рет соққы бағыттады. Оның алтауы тура соққы болды. Бұл турдағы ең үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, ол бірнеше рет қарсыласын алдап өтуге тырысты. Төрт дриблинг сәтті аяқталды. Ойын индексі – 208.