KZ
KZ RU
28 маусым 2018 15:11

Бірінші лиганың он бесінші турының үздіктер құрамасы

28 маусым 2018 15:11
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он бесінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Дмитрий Колбунцов, «Жетісу Б»
 
Дмитрий Колбунцов қиын ойын өткізді. Ойын бойын «Қыранның» соққыларын қайтарып, гол жібермеді. 22 жастағы қақпашы 9 соққыны қайтарды. Қақпашы Instat Index көрсеткіші бойынша турдың ең үздік ойыншысы атанды – 253.
 
Сол жақ қорғаушы: Сағадат Тұрсынбай, «Тараз»
 
«Оқжетпеспен» ойыннда Сағадат Тұрсынбай көп жұмыс атқарды. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысының барлық көрсеткіштері жақсы болды. Пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Ойын индексі – 220.
 
Орталық қорғаушылар: Мәди Айтөре, «Қайрат А»; Әлібек Касым, «Қайрат А»
 
«Екібастұзбен» болған ойында жақсы ойын көрсеткен Мәди Айтөренің пастарының дәлдігі 89 пайызды құрады. Қорғаушы өз қақпасына гол соғып алғанымен, кездесудің соңында жеңіс голын салды. Ойын индексі – 218.
 
Үздіктер құрамасына Мәди Айтөремен қорғаныста бірге ойнаған Әлібек Қасым да енді. Ол қарсыласынан жеті рет допты тартып алды. Әуедегі допқа талас кезінде қателескен жоқ. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Ойын индексі – 247.
 
Оң жақ қорғаушы: Ескендір Қыбырай, «Қайрат А»
 
Ескендір Қыбырай бабына енген футболшылардың бірі. Кезекті турда жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп отыр. Ескендір ерекше пасымен есеп ашуға көмектесті. Ойын индексі – 210.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Артем Касьянов, «Оқжетпес»; Предраг Говедарица, «Тараз»
 
«Тараз» болған тең ойында Артем Касьянов өз міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Украиналық жартылай қорғаушы 12 рет допқа таласып, жеңіске жетті. Пастарының дәлдігі – 82 пайыз. Ойын индексі – 224.
 
Тәжірибелі Предраг Говедарица жақсы қырынан танылды. Серб футболшысының дәл пастарының саны 88 пайызды құрады. Ойын индексі – 240.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Тимур Байжанов, «Тараз»
 
«Оқжетпеспен» ойында гол соққа Тимур Байжанов айып алаңына екі қауіпті пас шығарған. Сонымен қатар, 9 рет қарсыласые алдап өтіп, пастарының дәлдігін 78 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 239.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Акмаль Бақтияров, «Қайрат А»
 
Өткен турда  Акмаль Бақтияров ойынды қайрай түсуге ұмтылды. Оның пастарының жартысы айып алаңына жетіп отырды. Жас футболшы қақпаға екі рет тура соққы бағыттап, нәтижелі пас шығарды. Оң қапталда толықтай жеңіске жетті. 8 рет қарсыласын оп-оңай алдап өтті. Ойын индексі – 234.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Максим Котов, «Қайрат А»
 
Пенальтиден гол соға алмаған Максим Котов ойында көп жұмыс атқарды. Плеймейкер қарсыласын төрт рет алдап кетті. Пастарының дәлдігі де керемет – 94 пайыз. Бұл футболшыға қарсы қарсыластары алты рет тәртіп бұзды. Ойын индексі – 234.
 
Шабуылшы: Айбар Жақсылықов, «Жетісу Б»
 
Турдың үздік шабуылшысы атағын 20 жастағы «Жетісу Б» шабуылшысы Айбар Жақсылықов алды. Біріншіліктің көшбасшысының қақпасына гол соққан футболшы команданың ең үздік дриблері де атады. Ойын индексі – 209.