16 мамыр 2018 14:50
Бірінші лиганың сегізінші турының үздіктер құрамасы
16 мамыр 2018 14:50
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің сегізінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
Қақпашы: Мұхамеджан Сейсен, «Тараз».
19 жастағы «Тараз» қақпашысы Мұхамеджан Сейсен бірнеше шешуші сәтте командасын құтқарып, қақпасын голдан сақтап қалды. «Ақтөбе-Жас» командасымен өткен ойында ол қарсыластың бес оққысын қайтарып, бір сейв жасады. Сонымен қатар пастарының дәлдіні 100 пайызды құрады - 17/17. Ойын индексі – 262.
Сол жақ қорғаушы: Нұртас Кургулин, «Тараз».
Нұртас Кургулин шабуылда жақсы ойнады. Екі рет қарсыластың айып алаңына пас жеткізіп, ойынды шиеленістіре түсті. Алты рет қарсыласын алдап, пенальтиден мүлтіксіз орындады. Сонымен қатар, латераль ойынға белсенді араласып, пастарының дәлдігі 94 пайызды құрады. Ойын индексі – 245.
Орталық қорғаушылар: Нұрлан Дайыров, «Оқжетпес»; Евгений Шипицин, «Тараз».
«Шахтер-Болат» командасымен өткен тең ойында Нұрлан Дайыров қорғаныста берік ойнады. 22 жастағы центрбек қарсыластың пасын 14 рет тоқтатып, қараусыз қалған допты 16 рет иемденіп кетті. Допқа талас көрсеткіші – 67 пайыз. Ойын индексі – 208.
«Тараздың» орталық қорғаушысы Евгений Шипициннің ойынын бөле-жара көрсетуге болады. Ол дәл пастардың саны бойынша турдың көшбасшысы атанды. Ол 95 пастың 89-ын дәл жеткізді. Ойын индексі – 220.
Оң жақ қорғаушы: Мадияр Нұралы, «Тараз».
Өткен турда Мадияр Нұралының допқа таласу көрсеткіші 71 пайызды құрады. 4 рет қарсыласынан допты тартып алды. Футболшының пастарының дәлдігі – 88 пайыз. Ойын индексі – 230.
Орталық жартылай қорғаушы: Владимир Вяткин, «Алтай».
Екібастұзда өткен ойында Владимир Вяткин айып алаңының сыртынан қақпаны дәл көздеп, ірі жеңістің негізін қалаған еді. Кейін ол нәтижелі пастың авторы атанды. Жартылай қорғаушы орталық алаңда сенімді ойнап, айып алаңына 6 тура пас жеткізді. Шешуші пастарының саны – 4. Ойын индексі – 242.
Сол жақ жартылай қорғаушы: Бауыржан Байтана, «Тараз».
Өткен турда «Тараз» ойыншылары үйлесімді әрі нақты әрекет етті. Бауыржан Байтана командасының шабуылын құрастыруда басты рөлді атқарды. Оның берген пастарының дәлдігі 79 пайызды құрады. Үш рет нәтижелі, бес рет шешуші пас шығарды. Үш ре қарсыласын алдап өтті. Ойын индексі – 320.
Оң жақ жартылай қорғаушы: Роман Павинич, «Мақтаарал».
Алматыда Роман Павинич қарсыластың қақпасынан үнемі мазалап отырды. «Қайрат А» қақпасына ойында 6 рет соққы жасады. Оның біреуі голға ұласты. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы төрт рет шешуші пас шығарып, екі рет сәтті дриблинг қолданды. Ойын индексі - 217.
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Абзал Таубай, «Тараз»;
«Ақтөбе-Жас» командасымен өткен ойында кездесудің басты қаһармандарының бірі болған Абзал Таубай екі гол соқты. Сонымен қатар, ол қарсыласын үш рет алдап өтіп, техникалық шеберлігін көрсетті. Турдың ең пайдалы ойыншысының пастарының дәлдігі – 86 пайызды құрады. Ойын индексі – 326.
Шабуылшылар: Жансерік Қалдыбай, «Қыран»; Константин Дудченко, «Тараз».
Екі гол, бір нәтижелі пас, төрт шешуші пас, үш рет допты айналдырып әкету, жеті рет «Каспийдің» айып алаңына пас жеткізу - Жансерік Қалдыбай кездесудің басты қаһарманына айналды. Ойын индексі – 317.
«Тараздың» ірі жеңіcке жетуіне Константин Дудченконың ойынның басында салған голы себеп болды. Форвард 100 пайыз дәл пас беріп, кездесуді 63 минутта аяқтады. Ойын индексі – 237.
Басқа жаңалықтар