KZ
KZ RU
10 тамыз 2015 17:03

Бірінші лиганың үш матчы ауыстырылды

10 тамыз 2015 17:03
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-Лиганың «Ордабасы» және «Қайсар» командаларының уақыттарымен сәйкес келуіне байланысты Бірінші лиганың үш матчының уақытын өзгертуге шешім қабылдады. 
 
Бірінші лиганың ХХ турындағы «Қыран» мен «Екібастұз» футбол клубтары арасындағы матч 2015 жылдың 19 қыркүйегінен 18 қыркүйекке ауыстырылды.  
 
Бірінші лиганың ХХII  турындағы «Қыран» - «Бәйтерек» және «Байқоңыр» - «Екібастұз» футбол клубтары арасындағы матч 2015 жылдың 3 қазанынан 4 қазанға ауыстырылды.