KZ
KZ RU
22 мамыр 2018 18:25

Бірінші лиганың тоғызыншы турының үздіктер құрамасы

22 мамыр 2018 18:25

 

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің тоғызыншы турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Мұхамеджан Сейсен, «Тараз».
 
Мұхамеджан Сейсен екінші тур қатарынан жақсы ойын көрсетті. Бұл жолы жас қақпашы Шымкентте «Қыранмен» өткен ойында қақпасын голдан құтқарып қалды. Сонымен қатар, қақпадан шығып ойнау (6/6) кезінде жақсы нәтиже тіркелді. Қарсыластың бес соққысын қайтарып, төрт рет сейв жасады. «Тараз» қақпашысы турдың ең пайдалы ойыншысы болып танылды. Ойын индексі – 253.
 
Сол жақ қорғаушы: Әділ Пазылхан, «Қыран».
 
«Тараздан» жеңілгеніне қарамастан, Әділ Пазылхан өте жақсы ойнады. Қапталдағы қорғаушы допқа таласып, 76 пайызында жеңіске жетті. 2 рет қарсыласын алдап өтіп, қарсыластың добын 7 рет және қараусыз қалған допты 17 рет қағып әкетті. Пастарының дәлдігі – 88 пайыз. Ойын индексі – 187.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Дмитрий Зверев, «Екібастұз»; Әлібек Қасым, «Қайрат А».
 
Дмитрий Зверев сырт алаңда «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы жақсы матч өткізді.Оның айып алаңына шығарағн пастары ойынды шиелендіре түсті. Пастарының дәлдігі 94 пайызды құрады. Ойын индексі – 233.
 
«Қайрат А» қорғаушысы Әлібек Қасым ойынын да атап өтуге болады. Теміртауда өткен кездесуде ол жасыл алаңда жанкешті ойын көрсетті. Статитистикалық көрсеткіштері де жаман емес. Ойын индексі – 207.
 
Оң жақ қорғаушы: Асылбек Қанат, «Қыран».
 
«Таразбен» өткен ойыннан кейін жас қорғаушының статитстикасы жақсы көрсеткіштерге ие болды. Асылбек Қанаттың пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Ойын индексі – 209.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Құрмет Қараман, «Екібастұз».
 
Құрмет Қараман орталық алаңда еселі ойнады. Оның командаластарына берген пастарының дәлдігі – 92 пайыз. Кездесуде нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 232.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Мартин Малондо, «Қайрат А».
 
Британиялық футболшы жасыл алаңдағы үздік ойыншылардың біріне айналды. Ол нәтижелі пас шығарып, әдемі гол соқты. Мартин Малондо қарсыластарын 5 рет алдап өтіп, 85 пайыз тура пас шығарды. Ойын индексі – 243.
 
Оң жақ қорғаушы: Роман Павинич, «Мақтаарал».
 
«Байқоңырмен» өткен кездесуде Роман Павинич ойын басталған сәттен кездесудің соңына дейін бар күшін салып ойнады. Кездесудің соңында ғана оны басқа футболшы алмастырды. Вингер бір нәтижелі пас беріп, бір гол соқты. Ойын индексі – 214.
 
Шабуылшылар: Аслан Еркен, «Екібастұз»; Гейсар Алекперзаде, «Екібастұз»; Асқар Абутов, «Мақтаарал».
 
«Ақтөбе-Жас» командасына қарсы ойында Аслан Еркен жасыл алаңдағы ең белсенді ойыншылардың бірі атанды. Ойын қолға алудан жасқанбай, екінші таймда кездесудің нүктесін қойды -– 4:0. Ойын индексі – 206.
 
Тәжірибелі Гейсар Алекперзаде шабуылшының міндеттерін «беске» атқарып шықты. Ең алдымен алыстан қақпаға тура соққы бағыттап, есеп ашты. Кейін бірнеше уақыттан кейін айып алаңынан қақпа торын дәл көздеді. Ойын индексі – 208.
 
Асқар Абутов жеңіс үшін қолынан келгенінің барлығын жасады. Ол «Байқоңырдың» қақпасын екі рет нысанаға алды. Шабуылшының ойын индексі – 202.