KZ
KZ RU
16 наурыз 2018 15:45

Бірінші және Екінші лигалардың 2018 жылғы күнтізбелері бекітілді

16 наурыз 2018 15:45
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті 2018 жылдың 15 наурызында өткен отырысында Қазақстан Республикасының Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы чемпионаттардың күнтізбесін жариялады.
 
Бірінші лига Біріншілігіне 11 команда қатысады, турнир 3 айналымда өтеді.
 
Екінші лига Біріншілігінің құрамына 21 команда кірді, ойындар 2 айналымға бөлінген.
 
Бірінші лига Біріншілігінің үшінші айналым кестесі цифрлық түрде берілген. Аталған айналымның күнтізбесі алғашқы 22 тур нәтижесі шыққаннан кейін толтырылады.  
 
Күнтізбелер ҚКФЛ сайтының арнайы бөліміне жүктелген – Бірінші лига күнтізбесі және Екінші лига күнтізбесі.