KZ
KZ RU
19 қазан 2019 19:09

БЖМОРСМ №8 - 2019 жылғы Екінші лига маусымының жеңімпазы

19 қазан 2019 19:09
Нұр-Сұлтан қаласының БЖМОРСМ №8 командасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің жеңімпазы атанды. 
 
Екінші лиганың 33-турында елордалық футболшылар «Ақсу» командасын қабылдап, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. 
 
Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда топ жарған БЖМОРСМ №8 командасы 29 ойында 69 ұпай жинады. 
 
БЖМОРСМ №8 командасы келесі маусымда Бірінші лигада ойнау құқығына ие болды.