15 мамыр 2012 11:28
Чернышев бестікке енді
15 мамыр 2012 11:28
Сөйтіп, Владислав Чернышов "Ертіс" сапында ең көп ойнаған футболшылардың бестігіне енді.
Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын бұл қорғаушы 2003 жылдың 23 сәуірінде "Шахтерге" қарсы өткізіпті. Бірақ дебюттік ойынында алаңға небәрі 87-ші минутта шыққан. Серік Жейлітбаевты алмастырыпты. Міне, содан бері 10 жыл өткен. Осы уақытқа дейін тек Павлодар клубының намысын қорғап келді.
"Ертіс" сапында ең көп ойын өткізгендер:
1. Андрей Кучерявых — 249 матч;
2. Сергей Коноваленко — 220;
3. Виктор Антонов — 206;
4. Ойрат Садуов — 192;
5. Владислав Чернышов — 180.
Автор: Думан Балықбаев
sports.kz
Басқа жаңалықтар