«Coca Cola Былгары доп»: «Сантьяго Бернабеу» стадионында алматылықтар доп тебеді
Таразда мектеп оқушылары арасындағы «Coca-Cola-Былғары доп» додасының 1996-97 жылдары туған балалар арасындағы тобының финалдық ойындары шектен тыс шиеленісті өтті. Өйткені жеңімпаз команда шілде айында Испанияда өтетін балалар арасындағы әлем чемпионатына қатысуы керек болатын.
Биыл мектеп оқушылары арасындағы «Coca-Cola-Былғары доп» додасының алтыншы маусымы жылдағыдан ерекше өтуде. Себебі ересектер тобында топ жарып, бірінші орынға ие болған команда, жоғарыда жазғанымыздай, Еуропа мен Африканың балалары жиналатын әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болады. Ал осы бүкіләлемдік дода әйгілі «Реал» (Мадрид) клубының «Сантьяго-Бернабеу» стадионында өтеді.
Ересек балалар арасындағы «Coca-Cola-Былғары доп» додасының финалында 16 команда жасыл алаңға шықты. Олардың бәрі әр аймақтың жеңімпаздары, яғни үздік ұжымдары болатын. Осы ақтық доданың финалына Алматы және Жамбыл облысының командалары додаға түсті.
Әуелі алматылықтар екі гол соғып алға шыққандарымен, жамбылдықтар есепті теңестірді. Бірақ кездесудің аяғында алаң иелерінің, яғни жамбылдықтардың бір ойыншысы алаңнан қуылып, алматылықтар құрамы бір ойыншыға кем қарсыластарын қыспаққа алып, бір гол соқты да, жеңісті өңгеріп кетті.
Үшінші орынды Қызылорда облысынан келген команда иеленді. Сөйтіп, осы жас шамасында жеңімпаз атанған Алматы облысындағы Іле ауданының №13 мектебінің оқушылары Мадридке баратын болды.
Осы жобаны қаржыландырып, тамырына қан жүгіртіп отырған «Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі өкілі өздерінің Қазақстан футболын дамытуға үлес қосып отырғандарын мақтан тұтатындарын мәлімдеді.
Матч соңындағы баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов турнирдің жоғары дәрежеде өткенін атап өтті.
— Таразда мұндай турнирлерге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, біз осы жас аралықтарының әйтеуір біреуінің финалдық турнирін әрдайым киелі қала өкілдеріне тапсырып жүрміз, - деді Сейілдә Байшақов.
— Республикадағы футболдың өркендеуіне өзіндік үлес қосып жатқанын біздің компания мақтаныш көреді, - деп ағынан жарылды Наша компания гордится тем, что имеет возможность активно вносить вклад в развитие футбола в республики, — Coca Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша қоғамдық және биліктік байланыс жөніндегі менеджері Олег Пелецкий.
Айта кетейік, турнир барысында "Жамбыл жастары" ерікті жастар қоғамының ұйымдастыруымен "Балаларға шаттық сыйлайық" акциясы өтіп, "Тараз" футбол клубының ойыншылары Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернатының бүлдіршіндерімен жүздесті.
"Тараз" футбол клуюның өкілі Расул Набиевтің айтуынша дәл осы оқу орталығын таңдаулары бекер емес екен.
— Мұнда қонақтардың сирек болатынын білеміз. Мұнда көпбалалылардың және жағдайлары төмен отбасылардың балалары оқиды. Олардың арасында дарындары жетерлік. Көмекке зәру екендіктері де белгілі. Сондықтан, біз оларға аз да болса, рухани көмек бергіміз келді.
Балалар футболшыларды ду қол шапалақпен қарсы алса, Нұртас Кургулин, Бауыржан исламхан, Елдос Ахметов, Абдуллаи Диакате сынды саңлақтар бүлдіршіндерге шеберлік сабақтарын көрсетті.
Өз кезегінде Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры Кәмилаш Ахметжанова "Тараз" футбол клубының капитаны Нұртас Кургулинге алғыс хатын табыс етті.