KZ
KZ RU
25 мамыр 2024 09:53

Дүниежүзілік футбол күні құтты болсын!

25 мамыр 2024 09:53
25 мамыр күні әлемде футбол күні аталып өтіледі. Бұндай шешім 2024 жылдың 7 мамырында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қабылданды. 25 мамыр күнін Дүниежүзілік футбол күні ретінде қабылдауға тарихтағы алғашқы халықаралық турнирді ұйымдастырғанына 100 жыл толуы әсер етті. Бұл жайт 1924 жылы Париж Олимпиадасында тіркелген болатын. 

Qazaqstan Football League барлығыңызды мерекемен құттықтап, табыс тілейді. Лиганың футбол клубтарымен, серіктестер мен жанкүйерлермен тығыз байланысы отандық футболды дамытады деп сенеміз. Әлемді біріктіретін ойын әрдайым ұмытылмас эмоция сыйлай берсін! 

QFL - Футболмен бірге!