Дау-дамайды шешу палатасының кезекті отырысы өтті
27 мамыр күні өткен Дау-дамайды шешу палатасының отырысында келесі шешімдер шығарылды:
1-шешім:
Ойыншы Андрей Цветковтың «Ордабасы» футбол клубына қойған талабын жартылай қанағаттандыру. Бір жақты тәртіпте қайта қарауға жатпайтын бір жолғы жәрдемақы белгілеу.
«Ордабасы» футбол клубы 2015 жылдың 30 маусымына дейін А.Цветковқа еңбек шартына көрсетілген және ақысыз демалыс ұсынғаны үшін бір жолғы жәрдемақы көлемінен шегерілген соманы төлеуі тиіс. А.Цветков еңбек шарты бойынша міндеттерді орындау кезінде алған жарақаттарын емдеу төлемақысын дәлелдейтін құжаттарды «Ордабасы» футбол клубына жіберуі қажет.
«Ордабасы» футбол клубы дәлелдейтін құжаттарды алған сәттен бастап 30 күннің ішінде тиісті шығындарды толық өтеуі шарт.
2-шешім:
Ойыншылар - Әлімбаева Г., Жүсіпова А., Анарметова А., Кенбаева Е., Кувшинова В., Қонысбаева Д., Яковлева В., Шоқанова Е., Битабарова А., Есмырзаева А.-ның «Лашын» футбол клубына қойған талаптарын қанағаттандыру. «Лашын» футбол клубы 2015 жылдың 30 шілдесіне дейін жоғарыда аталған ойыншылардың барлығына 2014 жылдың сыйақыларын толық көлемде төлеуі тиіс.
3-шешім:
«Жетісу» футбол клубына 2015 жылдың 15 сәуірінде қабылданған Палатаның ойыншы Антон Цириннің қарызын төлеу жөніндегі шешімін орындамағаны үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу және «ойыншыларды тіркеуге тыйым салу» шешімі қабылданды. «Жетісу» КФК МКҚК-ге көрсетілген айыппұлды 2015 жылдың 30 маусымына дейін төлеуі тиіс.
«Жетісу» КФК МКҚК-ге ойыншы А.Цирин алдындағы қарызын төлеуді 2015 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту.
4-шешім:
Ойыншы Александр Кислыциннің «Қайрат» пен «Ертіс» футбол клубтары арасындағы трансферлік келісімшартының 2 бабындағы 2.2.3. бөлігін заңсыз деп тану және кәсіби қызметін «Ертіс» командасы сапында жүзеге асыруға рұқсат беру үндеуін жартылай қанағаттандыру.
Ойыншы Самат Смақовтың «Қайрат» пен «Ертіс» футбол клубтары арасындағы трансферлік келісімшартының 2 бабындағы 2.2.3. бөлігін заңсыз деп тану және кәсіби қызметін «Ертіс» командасы сапында жүзеге асыруға рұқсат беру үндеуін жартылай қанағаттандыру.
Трансферлік келісімшарттың аталған бөліктерін ФИФА, УЕФА және ҚФФ-ның тәртіптік құжаттарына қайшы келетінін және оны заңсыз деп тану. Бұл бөлікті ойыншыларға ықпал ету, клубтың ресми тұлғаларының мақсатты және мақсатсыз түрде матчтың нәтижелеріне ықпал ету деп санау.
«Ертіс» ФК сапында матчта алаңға шығуға рұқсат беру сауалын жауапсыз қалдыру, өйткені, бұл сауал ҚФФ дау-дамайды шешу палатасының құзіретіне кірмейді.
«Қайрат» пен «Ертіс» футбол клубтарын 2015 жылдың 30 маусымына дейін трансферлік келісімшарттың 2-ші бабының 2.2.3 бөлігін алып тастау және қосымша келісімшарт жасауды міндеттеу.