KZ
KZ RU
08 қазан 2013 15:40

Дауларды шешу палатасының отырысы өтті

08 қазан 2013 15:40
  1. "Сұңқар" футбол клубынан жалақысын талап етіп, арыз жазған жаттықтырушы А. Құлшынбаевтың арызы толығымен қанағаттандырылды. "Сұңқар" футбол клубы шешімді 2013 жылдың 25 қазанына дейін орындауы тиіс.
  2. "Сұңқар" футбол клубынан жалақысын талап етіп, арыз жазған массажшы В. Базаликтің арызы толығымен қанағаттандырылды. "Сұңқар" футбол клубы шешімді 2013 жылдың 30 қарашасына дейін орындауы тиіс.
  3. Дауларды шешу палатасының шешімін орындамай, ойыншы А. Кульчи мен оның агенті В. Коевке берешегін уақытында қайтармаған "Ертіс" футбол клубына 300 000 теңге айыппұл салынды. Берешегін қайтару уақыты 2013 жылдың 30 қазанына дейін белгіленген.
  4. Дауларды шешу палатасының шешімін орындамай, ойыншылар А. Балтаев, С. Досмағанбетов, Р. Дүйсенбаев, М. Ысқақов, С. Көшеков, Ж. Молдақараев, Д. Нәрзілдаев, Т. Сыздықов, А. Тағыберген, Ш. Таңатқапов, Е. Тілеуов, Н. Төлегенов, жаттықтырушы К. Досмағамбетов және әкімші Б. Байсаловқа берешегін уақытылы қайтармаған "Қайсар" футбол клубына 300 000 теңге айыппұл салынды. Берешегін қайтару уақыты 2013 жылдың 30 қазанына белгіленді.