KZ
KZ RU
22 қараша 2017 15:24

Давид Лория: Мені үздік қақпашы деп танығаны жағымды жаңалық

22 қараша 2017 15:24
 Премьер-Лиганың 2017 жылғы үздік қақпашысы болып танылған павлодарлық "Ертістің" ойыншысы Давид Лория Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына өзінің жеке жетістігі туралы пікір бөлісті.  
 
- Давид, "Үздік қақпашы" номинациясында жеңіске жетуңізбен құттықтаймын! Бұл хабарды естігінде қандай сезімде болдыңыз?
- Мені үздік қақпашы деп танығаны жанға жағымды. Маусым мен және команда үшін оңай болмады. Соңғы турда еурокубоктарға өткеніміз жақсы болды.
 
- Бұл номинацияда жеңіске жетемін деп күтіп едіңіз бе?
- Шынына келсек тіпті ойлағанда емеспін.
 
- Әріптестер арасынан кімді атап өте аласыз?
- Негізінде Премьер-Лиганың көптеген қақпашылары бұл маусымда сенімді ойын көрсетті. Александр Мокин, Ненад Эрич, Владимир Плотников, Стас Покатилов, Марсель Исламкұлов, Александр Григоренко, Игорь Шацкий, Джурахон Бабаханов және Дмитро Непогодов сынды қақпашыларды атап өте аламын. Аталған барлық жігіттер өз командаларының қақпаларын лайықты қорғады.
 
- Маусымның соңы аяқ астынан орын алған жарақатпен қайғылы болды. Қайта қалыпқа келу процесі қалай өтіп жатыр?
- Қайта қалыпқа келу жоспар бойынша өтіп жатыр. Жақын арада жарақаттан толық жазыламын деген үміттемін.  
 
- Мүмкін сіздің үздік қақпашы болып атанғаныңызды гала-кеште болған әкеңіз хабарлаған болар?
- Жоқ, бұл хабарды достарымнан естідім. Олар мені құттықтай бастады. Басында мен неге құттықтап жатқанын тіпті түсінбей қалдым.  
 
- "Ертістің" өткен маусымда көрсеткен нәтижелерімен қанағаттысыз ба?
- Бір ғана плюс - еурокубоктық аймақта іліктік. Бұдан басқа қуанатын нәтижелер болмады, себебі біздер алдыңғы жылға қарағанда турнирлік кестеде төмен орынға ие болдық. Болашақ маусымда павлодарлық жанкүйерлерді жақсы нәтижелермен қуантуға тырысамыз.