KZ
KZ RU
16 қараша 2017 09:16

Давид Лория - Премьер-Лиганың 2017 жылғы үздік қақпашысы!

16 қараша 2017 09:16
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2017 жылғы маусымды қорытындылауды жалғастыруда.
 
Бүгін біздер сіздердің назарларыңызға "Премьер-Лиганың үздік қақпашысы" номинациясында жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін ұсынамыз.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚКФЛ сауалнаманы футбол клубтарының басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында жүргізді.
 
Сауалнамаға жауап берушілердің әр қайсысы өз пікіріне сүйене отырып, үздік үштікті атап өтті. Орынға байланысты ойыншыға баллдар берілді: 3 балл - 1 орын үшін, 2 балл - 2 орын үшін, 1 балл - 3 орын үшін. Қорытынды рейтинг барлық ұпайларды қосу нәтижесінде шықты.
 
2017 жылғы маусымның үздік қақпашысы болып павлодарлық "Ертістің" ойыншысы Давид Лория атанды. Бірінші орынды Қазаұстан ұлттық құрамасының қақпашысы 3 балл айырмашылығымен Ненад Эричтен жеңіп алды.  

 
 
Төменде Премьер-Лиганың үздік бес қақпашының тізімін ұсынамыз:
1. Давид Лория, «Ертіс» - 44 балл
2. Ненад Эрич, «Астана» - 41 балл
3. Дмитро Непогодов, «Тобыл» - 26 балл
4. Стас Покатилов, «Қайрат» - 25 балл
5. Александр Мокин, «Астана» - 15 балл
 
Премьер-Лига клубтарының басшыларының дауыс беру нәтижелері:
 
 
Премьер-Лига клубтарының бас бепкерлерінің дауыс беру нәтижелері:
 
 
Премьер-Лига клубтарының капитандарының дауыс беру нәтижелері: