KZ
KZ RU
22 сәуір 2012 23:11

Давидтің жұлдызды шағы

22 сәуір 2012 23:11

Негізі, ойынның басында румыниялық Эмиль Дикэ орындаған пенальтиден кейін "Оқжетпес" жеңіліп жатқан. Алайда екінші таймда Давидтің жұлдызы жанып, хет-трик авторы атанды. Тағы бір голды алаң иелері өз қақпаларына соғып алды. Нәтижесінде, жігерлігімен көзге түскен "Оқжетпес" 4:1 есебімен жеңіске жетті.

"Бас бапкердің тапсырмасын жасыл алаңда 90 минут бойы орындап отыратын халге жеттік. Иә, үш гол соға алдым. Бірақ мұның бәрі командамның арқасы. Астанадағы жеңістен кейін иығымыздан ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалдық. Енді біз кез келген команданы ұта аламыз", - деп сұхбат берді UEFA.com сайтына Давид Чегелашвили.

Тағы бір сенсация Қызылордада орын алды. Турнир көшбасшысы "Ертісті" қабылдаған біріншіліктің тағы бір аутсайдері "Қайсар" екі таймда да бір-бір голдан соғып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, осы ойынның алдында ғана команда басшылығы футболшыларға жаңа бапкері Владимир Никитенконы таныстырған болатын. Никитенконың "құтқарушы" атқарып отырғаны бірінші рет емес.

Таразда қаламен аттас жергілікті клуб осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген "Ордабасы" командасын" жеңді. Есеп 2:1. Екі голды да серб легионері Мирослав Лечич соқты.

"Ордабасы" өте азулы команда. Биылғы біріншілікте кездескен қарсыластарымыздың мықтысы. Бәлкім, тең ойын да әділетті есеп бола ма еді, дегенмен менің шәкірттерім өздерінің бар өнерлерін көрсетті. Сондықтан, жеңіске біз жеттік", - деді "Тараз" бапкері  Петрович
UEFA.com сайтына берген сұхбатында.

"Ақжайық" таңғалдырудан жалығар емес. Бұл жолы Йозеф Шкрлик шәкірттері түзде Талдықорғанның "Жетісу" клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, "Сұңқар" мен "Тобыл" 0:0 есебімен тең тарқасса, Атырауда жергілікті қаламен аттас команданы 2:0 есебімен жеңген "Шахтер" турнир кестесінде 2-орынға көтерілді.

Тағы бір күтпеген есеп Ақтөбеде тіркелді. Бас бапкерлер Владимир Мұқанов пен Дмитрий Огайдың текетіресін Қазақстанда ежелден классикаға балап кеткен. Бұл жолы да хас мамандар жеңімпазды анықтай алмады. Бірінші таймда қонақтар ашса, екінші таймда ақтөбеліктер пенальтиден есепті теңестіріп кетті.

 

 

UEFA.com