Демалыс алдында
Владимир Мухановтың командасы ғана үш матчтан қатарынан жеңіп шықты. Басқа клубтар бір реттен болса да, ұпай жоғалтты. «Ақтөбе» - «Тобыл» кездесуін, еш күмәнсіз, турдың басты матчы деп атауға болады. Әңгіме олардың чемпион және вице-чемпион болғанында емес. Қазақстан футболы үздіктерінің кездесулеріндегі принциптер жайына шетелдіктердің де құлағы түрік.
Ойын өзінің жанкүйерлерінің көңілінен шығатындай болды. Есеп басын қонақтар құрамындағы өткен жылы бірінші лигада өнер көрсеткен Сергей Гридин ашты. Дегенмен, осы сәтте Муханов өз «Джокерін» - сенегалдық Малик Манені ойынға қосты. Африкандықтың дебюті сәтті шықты: ауысып алаңға шыққан сенегалдық қостанайлық голкипер Александр Петуховты екі рет «ренжітті». Ақтөбеліктердің жадыраған көңіліне команда капитаны Самат Смақовтың жарақат алып қалуы су сепкендей болды. Енді ол құраманың Германиядағы ойынына көмектесе алмайды.
Екінші африкандық, бұл жолы нигериялық ойыншы Өскемен қаласындағы матчта үздік танылды. «Восток» бірінші таймның өзінде сербиялық легионерлер Ковачев пен Добричтың арқасында артықшылықтар жинап алып, өзін жайлы сезінген болатын. Дегенмен, «Атырау» мінез таныта алды, алаңға ауысып шыққан нигериялық Огбонна Зито голдарымен командасын жеңілістен сақтап қалды, есеп 2:2. Әсіресе, екінші гол арбитр берген қосымша уақытта соғылды – нағыз триллер.
«Қайрат» жаңаланған орталық алаңда ішкі матчтар маусымын ашты. Өз ареналарына ауысу алматылықтар үшін оншалық сәтті бола қоймады: «Қайсар» алаң иелерін өз қақпасына жақындауға мүмкіндік бермеді. Алматылық көрермендердің футболды аңсап қалғаны байқалып-ақ тұрды. Бірінші матчқа 4800 көрермен жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда көңілді марқайтатын құбылыс.
«Локомотив» «Тараздықтардың» үш ұпайын алып кетті. Бірінші таймның өзіндехавбек Пірәлі Әлиев пен форвард Таңат Нөсербаев бір-бірден гол соқса, астаналық клуб екінші таймда да осы есептің әлсіремеуіне баса назар аударды. Дегенмен, алаң иелері қарсылық көрсетіп, бір голдың есебін қайтарып алды. Қорытынды гол Степановичтің еншісінде. Алайда, одан әріге «Тараздың» шамасы жетпей, турнир кестесінің ең соңғы орнына берік табан тіреді.
«Ордасы» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдап, өткен маусымның үздік бомбардирі Ұлықбек Бақаевтың голына төтеп бере алмады. Дей тұрсақ та, қонақтар өзінің ерекшеленер өзге де мүмкіндіктерін құр жіберіп алды, Остапенко, Сариев және де сол Бақаевтар оңтайлы сәттерді пайдаланбады. Алаң иелері екінші таймда жетісулықтардың айып алаңын қанша шабуылдағанымен, оң нәтиже шығара алмады.
Конақтар есеп аша алмаған жалғыз матч уақынша «Шахтер» орналасқан Астана қаласында өтті. Ушінші матчта қарағандылықтар өздерін алаң иелері сезінгені соншалық, өткен маусымның қола жүлдегерлерінің қақпасына қайтарымсыз үш голды тоғытты. Алдымен есеп басын «кеншілердің» жаңа лидері Мақсат Байжанов пенальти орындау арқылы ашты, сосын құрама форварды Сергей Хижниченко ерекшеленді. Үшінші голды қонақтардың қақпашысымен жеке қалған Жамбыл Көкеев тойлатты. Дегенмен, ірі есеп айырмасына қарап, павлодарлықтар шарасыз қалыпта болды деп қорытындылау қате болар: «Ертістің» де есеп ашуға мүмкіндіктері болды, алайда сол мүмкіндіктердің іске асу жағынан қонақтардың жолы болмады.
Премьер-лига қысқа мерзімдік демалысқа шықты, келесі тур наурыз айының соңғы күніне жоспарлануда.
3 тур
17 наурыз
Восток - Атырау 2:2
1 000. Голдар: Ковачев 18, Добрич 40 - Огбонна 57, 90+3
Ордабасы - Жетісу 0:1
2 000. Гол: Бақаев 16
Тараз - Локомотив 1:2
1 500. Голдар: Степанович 61 - Әлиев 8, Нөсербаев 43
Шахтер - Ертіс 3:0
1 500. Голдар: Байжанов 55 пенальти, Хижниченко 75, Көкеев 90+1
Қайрат - Қайсар 0:0. 4 800 көрермен.
Ақтөбе - Тобыл 2:1
3 000. Голдар: Мане 78, 87 - Гридин 55
4 тур
31 наурыз (бейсенбі)
Локомотив - Ақтөбе
Ордабасы - Тараз
Ертіс - Восток
Тобыл - Шахтер
Атырау - Қайрат
Жетісу - Қайсар