KZ
KZ RU
23 қазан 2013 17:09

Дик Адвокаат: «Біз мұнда жеңу үшін келдік»

23 қазан 2013 17:09

 

— Қарсыласымыз оңай шағылар жаңғақ емес. Шотландияның "Селтигімен" болған ойында бұл командаға сәл ғана сәттіліктің жетіспей қалғанын жақсы білемін. Сол кездесулерде қазақстандық команда өзін өте жақсы қырынан көрсете білді.
 
— АЗ үшін Еуропа лигасы қаншалықты маңызды?
— Командада жарақат алған ойыншылар көп. Дегенмен, біз бұл ойынға өте тыңғылықты дайындалдық. Жасырмаймын, Еуропа лигасы біз үшін өте маңызды. Турнирде жеңіске жететін мүмкіндігіміз зор.
 
— Кезінде Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері болып тұрған шағыңызда Қазақстан футболы жайлы еститін бе едіңіз?
— Иә, Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері болып тұрған кезімде Қазақстан жайлы көп еститінмін. Мұнда Германия және Голландиядан келіп жұмыс істеген мамандар мен жаттықтырушылардың аз емес екенін білемін.
 
— Кездесуге дайындық барысында "Шахтердің" ойындарын қарадыңыз ба?
— Иә, "Маккабимен" өткізген кездесулеріңізді көрдім. Сол матчта "Шахтер" өте тамаша ойнап, жеңіске бір табан жақын болды. "Кеншілердің" көрсеткен ойын сапасы да керемет болғанын мойындаймын.
 
— Жасанды алаң сіздің командаңыздың жарқын ойын үлгісін көрсетуіне кедергі бола ала ма?
— Мүмкін, ол да мүмкін. Бірақ біздің жігіттер жеңіске жету үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасайды.
 
— Команданың тізгінін қолыңызға алғаныңызға көп болған жоқ. Осы орайда, "АЗ Алкмаардың" әлеуетіне қандай баға бересіз?
— Біздің команда өте жас. Бірақ болашағынан зор үміт күттіретін футболшылар көп. Қазірдің өзінде кез-келген қарсыласымызды жеңуге шамамыз жетеді.
 
— Егер ертең жеңіске жете алмай қалсаңыздар, бұл сіздер үшін трагедия бола ма?
— Біз мұнда тек жеңіс үшін келдік. Алаң иелерінен басым түсі үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз
 
 
Автор: Әнуар Әбдірахманов
sports.kz