23 қазан 2013 17:08
Дик Адвокат баспасөз мәслихатын өткізді
23 қазан 2013 17:08
— Қарсыласымыз оңай шағылар жаңғақ емес. Шотландияның "Селтигімен" болған ойында бұл командаға сәл ғана сәттіліктің жетіспей қалғанын жақсы білемін. Сол кездесулерде қазақстандық команда өзін өте жақсы қырынан көрсете білді. Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері болып тұрған кезімде Қазақстан жайлы көп еститінмін. Мұнда Германия және Голландиядан келіп жұмыс істеген мамандар мен жаттықтырушылардың аз емес екенін білемін.
— Кездесуге дайындық барысында "Шахтердің" ойындарын қарадыңыз ба?
— Иә, "Маккабимен" өткізген кездесулеріңізді көрдім. Сол матчта "Шахтер" өте тамаша ойнап, жеңіске бір табан жақын болды. "Кеншілердің" көрсеткен ойын сапасы да керемет болғанын мойындаймын.
— Иә, "Маккабимен" өткізген кездесулеріңізді көрдім. Сол матчта "Шахтер" өте тамаша ойнап, жеңіске бір табан жақын болды. "Кеншілердің" көрсеткен ойын сапасы да керемет болғанын мойындаймын.
— Жасанды алаң сіздің командаңыздың жарқын ойын үлгісін көрсетуіне кедергі бола ала ма?
— Мүмкін, ол да мүмкін. Бірақ біздің жігіттер жеңіске жету үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасайды.
— Мүмкін, ол да мүмкін. Бірақ біздің жігіттер жеңіске жету үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасайды.
Басқа жаңалықтар