KZ
KZ RU
12 ақпан 2018 17:44

Әділбек Жақсыбеков – Қазақстан футбол Федерациясының жаңа Президенті

12 ақпан 2018 17:44

Өткен демалыс күндері Астанада Қазақстан футбол Федерациясының (ҚФФ) Кезектен тыс Конференциясы өтті.

Аталған іс-шараға ҚФФ Атқарушы Комитетінің және аудандық федерация мүшелері және де УЕФА өкілі Ева Паскье қатысты.  

ҚФФ мүшелері Президент қызметінен өз бетімен кетуге шешім қабылдаған Сейілда Байшақовтың ұсынысын қабылды. Ресми түрде бұл қызметте қазақ футболының ардагері бір жылдан аса жұмыс жасады. Отандық футболдың алдында сіңірген еңбегі үшін Сеілда Икрамұлына «Қазақстанның футбол Федерациясының құрметті қайраткері» атағы берілді.  

Қазақстан футбол Федерациясының жаңа Президентінің орнына Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың кандидатурасы ұсынылды. Оның кандидатурасын футбол жұртшылығы және отындық футболдың ардагерлері қолдады. Сөз алғандар Жақсыбековтың әр түрлі мемлекеттік орындардағы жемісті жұмысын және де елдің басты футбол органының президенті ретінде болған жақсы тәжірибені ерекше атап өтті.   

- Сенімділік білдіргендерің үшін алғыс айтамын, - деді Әділбек Рыскелдіұлы. – Жасаған жұмысы үшін Сейілда Байшақовқа рақмет айтамын. Ол өзінің жұмысын жалғастырады. Футболдың өзіне келетін болсақ, - бұл басқа спорт түрлерімен әсер ету және қызығушылық жағынан салыстыруға келмейтін спорт. Бұл ойын ауқымды көлемде адамдарды біріктіреді.   

Кезектен тыс Конференцияның нәтижесінде ҚФФ мүшелері Әділбек Жақсыбеков кандидатурасын қолдап, бірауызды дауыс берді. Қазақстан футбол Федерациясының жаңа Президенті төрт жылға сайланды.