KZ
KZ RU
26 шілде 2018 11:05

Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтаймыз!

26 шілде 2018 11:05
Қазақстан кәсіпқой футбол федерациясы Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтайды!
 
Әділбек Рыскелдіұлы отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның парасатты шешімдерін, мол тәжірибесі мен білімін еліміздің барлық футбол қауымдастықтары бағалайды. 
 
Қазақстан футбол федерациясының Президенті балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына көп көңіл бөледі. Оның зерделі басшылығының арқасында еліміздің барлық өңірінде футбол орталықтары құрылып, мыңдаған бала футболмен шұғылдануға мүмкіндік алды. Оның еңбегімен отандық клубтардың еуропалық аренада табысты нәтижесі мен футбол инфрақұрылымының жаңартылуы да байланысты. 
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен футбол клубтары туған күн иесіне зор денсаулық, береке-бірлік және қазақстандық футболды дамыту жолында үлкен табыста тілейді!