KZ
KZ RU
25 маусым 2018 20:11

Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті

25 маусым 2018 20:11
25 маусым күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті.
 
Комитетке Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Бірінші Лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің екі кәсіби командасына қатысты спорттық талапқа сай емес еместігін жөнінде мәлімет келіп түсті.
 
Сонымен қатар, Премьер-лига матчының бас төрешісінің үшінші тұлғалармен келісу әрекеті жөнінде ақпарат қаралды. Бұл істер бойынша материалдар Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетіне жіберілді.
 
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин жиынды қорытындылап шықты:  
 
- Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау бойынша арнайы комитет Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының матчтарын талдап, маусымдағы күдікті екі ойынға қатысты тергеу жүргізді.
 
Жиналған мәліметтер мен деректерді мұқият қарау арқылы аталған матчтарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін бәс тігетін букмекерлік кеңселердің сараптамасы мен кездесудің ресми тұлғалары бойынша сұратуға тапсырма берілді.
 
Бүгінгі отырыста талқыланған келесі мәселе Премьер-лига матчының бас төрешісі Алексей Бобровтің үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті бойынша жиналған материалдардың негізінде тергеу жұмыстарының қорытындысы болды.
 
Ішкі тергеу жұмыстарында алынған материалдар Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетіне берілді. Бүгін сол деректер бойынша Комитет Алексей Бобровті үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті үшін үш жылға төрелік ету қызметінен шеттетті.
 
Әдеп комитеті Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментіне төрешілер қызметінде спортқа жат құбылыстарды анықтап, оларға жол бермеу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Төрешілер комитеті төрешілерді бақылауды күшейтіп, олармен профилактикалық жұмыс жүргізуі тиіс.
 
Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы әрқашан жасыл алаңда әділ ойын көрсетуді талап етеді.
 
Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен кәсіби клубтардың өкілдері мен футбол төрешілері әділетті ойын туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумды сақтамаған төреші қатал жазаланады.
 
Қазақстандық футболда спортқа жат құбылыстың жайылуына жол бермейміз. Өйткені, осындай ойындардан ең алдымен жанкүйерлер зардап шегеді, - деді Азамат Серікұлы.