KZ
KZ RU
02 маусым 2015 11:17

Димитар Димитров – «Ертіс» футбол клубының бас бапкері

02 маусым 2015 11:17
Бүгін Кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде «Ертіс» футбол клубының өкілдері команданың жаңа бас бапкерін тіркеді. Бұл қызмет болгариялық маман  Димитар Димитровке жүктелді.
 
«Ертіс» футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі болып Петер Колев тіркелді.
 
Екі маман да алдағы турдан бастап қызметіне кірісе алады. «Ертіс» өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» клубын қабылдайды. Кездесу Премьер-лиганың 15-тур аясында 6 маусым күні өтеді.