02 наурыз 2022 10:00
Дмитрий Мирошниченко: «Команда бапкерлердің барлық талаптарын орындауға тырысуда»
02 наурыз 2022 10:00
Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Дмитрий Мирошниченко Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы үшін ойын және маусымға дайындық туралы өз ойымен бөлісті.
- Жаңа маусымға дайындық қалай өтуде?
-Чемпионатқа дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр, штаттық режимде дайындалып жатырмыз - жаттығулар, теориялар, ойындар, қалпына келтіру іс-шаралар. Ең бастысы – командалық қарым-қатынас! Команда жаттықтырушылар штабының барлық талаптарын орындауға тырысуда.
- «Тобыл» маусымға чемпион мәртебесінде кіреді. Бұл команданың көңіл-күйіне және дайындығына қалай әсер етуде?
- Осы маусымда біздің командаға барлық қарсыластардың арнайы дайындалатына және чемпионды жеңу көптеген ойыншылар үшін қосымша мотивация болатынына сенімдімін. Жалпы, бізді өте қызықты маусым күтіп тұр, оған қоса «Тобыл»еліміздің намысын халықаралық аренада қорғайды. Біз өз жанкүйерлерімізді және жақындарымызды лайықты нәтижемен қуанту үшін барлығын жасауға тырысамыз.
- Алда - Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы үшін ойын. Сіз үшін бұл— кезекті трофейді жеңіп алу мүмкіндігі ме, әлде чемпионатқа дайындық аясында өтетін қарапайым ойын ба?
– Алда - Қазақстан Суперкубогы үшін маңызды ойын. Біздің қарсыласымыз – «Қайрат» -басталғалы тұрған маусымға жаңартылған құрамда дайындалуда. Қазір Алматылық команданың сапында жас және болашағы зор ойыншылар жеткілікті. 2 наурызда бәрімізді аталмыш беделді жүлде үшін қызықты ойын күтіп тұрғанына сенімдімін
- Түркияда оқу-жаттығу жиынында сіздің команда табиғи төсеніші бар алаңындарда жаттығуда,ал «Қайратпен» «Астана Аренаның»жасанды алаңында ойнайды. Бұл үлкен мәселе болып табыла ма?
- Бұл мәселе болмайды деп ойлаймын. Біздің команданың ойыншылары Қазақстанда бірінші жыл ойнап жүрген жоқ, олар-кәсіпқойлар және ойынның маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар, біз ойынға бір апта қалғанда елордадағы «Астана-Аренада» жаттығамыз. Бейімделумәселелеріболмайтынынасенімдімін.
Басқа жаңалықтар