KZ
KZ RU
21 қараша 2017 10:14

Дмитрий Огай - 2017 жылғы маусымның Бірінші Лига Үздік бас бапкері

21 қараша 2017 10:14
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен маусымды қорытындылауды жалғастырауда. Бүгін біздер 2017 жылғы "Бірінші Лиганың" үздік бас бапкері" номинациясында жүрген сауалнаманың қорытындысын жариялаймыз.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚКФЛ сауалнаманы Бірінші Лига футбол клубтарының басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында жүргізді.
 
Сауалнамаға жауап берушілердің әр қайсысы өз пікіріне сүйене отырып, үздік үштікті атап өтті. Орынға байланысты ойыншыға баллдар берілді: 3 балл - 1 орын үшін, 2 балл - 2 орын үшін, 1 балл - 3 орын үшін. Қорытынды рейтинг барлық ұпайларды қосу нәтижесінде шықты.
 
Бірінші Лиганың 2017 жылғы бес үздік бас бапкерлері:
1. Дмитрий Огай, «Жетісу» - 53 балл
2. Владимир Фомичев, «Қызыл-Жар СК», 34 балл
3. Қуаныш Қарақұлов, «Мақтаарал» - 26 балл
4. Рафаэль Хамидулов, «Шахтер-Болат» - 17 балл
5. Ерлан Шойтымов, «Байқоңыр» - 15 балл.
 
Бірінші Лига командалары басшыларының дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары бас бапкерлерінің дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары капитандарының дауыс беруі: