KZ
KZ RU
13 маусым 2011 16:12

Джон Чарльз Грегори "Қайратты" бастайды

13 маусым 2011 16:12

Ағылшынмен келісімшарт 2013 жылға дейін бекітілген. Жаңа бапкердің алдына жақын арада премьер-лиганың биік міндеттерін шеше алатындай жаңа құрам жасақтау міндеті қойылды.
Англияда Джон Грегори «Порстмут», «Плимут Аргайл», «Уикомб Уондерерс», «Астон Вилла», «Дерби Каунти» и «Куинз Парк Рейнджерс» командаларына бапкерлік жұмысымен танымал. Соңғы жылдары Грегори Израильде «Маккаби Ахи» және «Ф.К. Ашдод» командаларын жаттықтырды.
2011 жылдың 14 маусымда Орталық стадион пресс-орталығында пресс-конференция өтіп, онда Джон Грегори «Қайрат» футбол клубының бас бапкері ретінде арнайы таныстырылмақ. Басталуы 10:00.

АҚПАРАТТАР:
Джон Чарльз ГРЕГОРИ (Англия)
Туған күні, айы, жылы 11 мамыр 1954 ж.
Жартылай қорғаушы позициясында ойнаған

Футболшының қызмет жолы:
1972 – 1977 – «Нортгемптон Таун»
1977 – 1979 – «Астон Вилла»
1979 – 1981 – «Брайтон энд Хоув Альбион»
1981 – 1985 – «Куинз Парк Рейнджерс»
1985 – 1988 – «Дерби Каунти»
1990 – «Плимут Аргайл»
1990 – «Болтон Уондерерс»
Барлығы 598 ойынға қатынасып, 83 рет гол соққан

1983-1984 1983-1984 – Англия ұлттық құрамасы (6 ойын)

Бапкерлік қызмет жолы:
1989 – 1990 – «Портсмут»
1990 – «Плимут Аргайл»
1996 – 1998 – «Уикомб Уондерерс»
1998 – 2002 – «Астон Вилла»
2002 – 2003 – «Дерби Каунти»
2006 – 2007 – «Куинз Парк Рейнджерс»
2009 – 2010 – «Маккаби Ахи»
2010 – 2011 – «Ф.К. Ашдод»
2011 –«Қайрат» ФК


«Қайрат» ФК пресс-қызметі