KZ
KZ RU
02 қараша 2017 20:00

Джуниор Кабананга - 2017 жылғы Африка үздік ойыншысы атағына үміткер

02 қараша 2017 20:00
Африка футбол Конфедерациясы (CAF) Африканың 2017 жылғы үздік ойыншысы атағына үміткерлерді жариялады. Бұл тізімге өтіп жатырған құрлықтық біріншіліктің үздік сұрмергені атанған елордалық "Астананың" шабуылшысы Джуниор Кабананга кірді. Бұл жарыста Кабананга қатысқан Африка ұлттары Кубогының топтық кезеңінің әр ойыннында доп соғып, Конго ДР ширек финалға өтуге көмектесті.   

Турнир басталмас бұрын тізімге соңғы кезде іліккен Кабанангаға ешкім үміт артпаған. Бірақ жылдан жылға шеберлігін шыңдап келе жатырған конголық шабуылшы аз ғана уақыт ішінде команданың көшбасшысы атанды.

Кабананга голдарды үнемі тек ұлттық құрамада емес, клуб сапында да сала бастады - соның ішінде чемпионатта, және еурокубоктарда. Премьер-лига ойындарында Джуниор осы уақытқа дейін 17 рет доп соқты, ал халықаралық кездесулердегі "Астана" сапында салған голдардың санын беске жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша Кабананга екінші орында келе жатыр, Джуниорлың алдында тек Патрик Твумаси. Бұрын ол грекиялық "Олимпиакос", белоруссиялық БАТЭ, польшалық "Легия" және де екі мәрте израильдік "Маккабидің" қақпаларына доп дарытқан. Аталған клубтардың мамандары мен жанкүйерлері Джуниордың өнеріне ғашық болып, бұл ойыншының өз командаларында ойынағанын қалады.

Қара құрлықтың отыз үздік ойыншыларының қатарында шабуылшы өзінің еңбегінің арқасында кірді. Ол жыл бойына тұрақты ойын көрсетіп, клуб пен ұлттық құраманың негізгі құрам ойыншысы атанды. Ертеректе ойын бабын жоғалтпау үшін ол түркиялық бірінші лига клуба "Қарабюкспортда" ойнады. 

Мысалы, сол клубта ойнап, Джуниордың "1461 Трабзон" ФК қақпасына салған мына солын көріңіз.

Премьер-лиганың 15 турында "Атырау" қақпасына салған голы да тамаша болды.

Шет елдік пресса Кабананганың еврокубоктардағы ойынын жиі еске алды. Африкалық футболшының арқасында "Астана" Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтіп, қазіргі кезде турнирдің плеф-офф кезеңіне шығуы ықтимал.  

- Мен Қазақстанда ойнап, үлкен тәжірибе жинадым, - деді қазақстандық БАҚ өкілдеріне Джуниор. - Соңғы үш жыл - мансабымдағы үздік кезең. Өзімнің голдарымен "Астанға" көп пайда алып келетініме үміттімін. Өмір мені мықты және бақытты қылды. Мен гол салғанда қуаныштымын, және футбол сүйер қауымға өз өнеріммен ляззат алып келгенде бақыттымын. Қазір - маусымның соңы және біздер чемпионаттың аяғын әдемі аяқтауға тырысамыз. Біздер алдымызға үнемі жоғары мақсаттар қоямыз.   

Джуниордан бөлек Африканың үздік ойыншы атағына үміткерлер қатарына: ағылшындық "Ливерпуль" командасындағы Мохамед Салах (Египет) және Садьо Мане (Сенегал), дортмундтық "Боруссиядағы" Пьер-Эмерик Обамеянг (Габон), лондондық "Челсидағы" Виктор Мозес (Нигерия) және "Манчестер Юнайтедтағы" Эрик Байи (Кот-д′Ивуар) сияқты жұлдыздар кірді.