KZ
KZ RU
19 шілде 2023 12:20

Едіге Оралбай - 2023 жылғы маусым айындағы UBET-Бірінші Лиганың үздік ойыншысы

19 шілде 2023 12:20

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусым айындағы UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік футболшысын анықтау үшін Бірінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама ұйымдастырды.

Өткен айдың үздік ойыншысы «Қыран» футбол клубының шабуылшысы Едіге Оралбай атанды. Маусым айында 26-жасар шабуылшының есебінде 4 ойында соғылған 3 гол бар.

Сауалнамада екінші орында «Түркістанның» шабуылдаушы футболшысы Сергей Гаранжа тұр. Маусым айында тәжірибелі ойыншы өз командасы үшін 4 ойында 3 нәтижелі соққы жасап, 3 нәтижелі пас авторы атанды.

Үздік үштікті Нұрғайни Бөрібаев қорытындылады. «Тұран» және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Бірінші Лигада 4 матч және Қазақстан Кубогында 1 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас авторы атанды.

Кім кімге дауыс берді: