KZ
KZ RU
11 қыркүйек 2023 16:49

Егор Азовский - Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының тамыз айындағы үздік бапкері

11 қыркүйек 2023 16:49
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың тамыз айынының үздік бапкерін анықтау мақсатында Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясы командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.
 
Әріптестерінің қолдауымен «SD Family» бас бапкері Егор Азовский сауалнамада көш бастады. Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысының жетекшілігімен команда тамыз айында өткен бес ойынында 10 ұпай жинап, тек турнир кестесінің көшбасшысы «Ұлытау» командасына есе жіберді. Егор Ивановичке төрт әріптесі өз дауыстарын берді.
 
Сауалнама барысында Максим Самченко («Шахтер Ж») және Марат Еслямов («Ұлытау») екі дауысқа ие болды.