KZ
KZ RU
06 наурыз 2011 02:44

Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды

06 наурыз 2011 02:44

ҚР Чемпионатының футболдан Премьер-Лига командалары «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) арасындағы 1-ші турдың ойыны Астанада «Астана - Арена» стадионында 07.03.2011 ж. сағат 17.30 өтеді. Ойынның басқа қалаға ауыстырылу себебі – ҚФФ талабына қарағандылық газонның сай келемеуінде.
«Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) арасындағы 2-ші турдағы ойын да Астанада «Астана – Арена» стадионында 12.03.2011 ж. сағат 18.30 да өтетін болады. Матчтың басқа қалаға ауыстырылу себебі – Атырау қаласының ауа райының қолайсыздығында.