KZ
KZ RU
02 қараша 2018 18:03

Екінші лига - 2018 клубтары арасындағы біріншіліктің қорытындысы

02 қараша 2018 18:03

2 қараша күні Бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 2018 жылғы маусымның шешуші туры өтті. 

Жарысқа 21 команда қатысып, әрқайсысы 40 матчтан өткізді.
 
Турнир қорытындысы бойынша «Астананың» жастары жеңімпаз атанды. Олар 89 ұпай жинады. Доп айырмашылығы «+71» (106-35) құрады .
 
Екінші орыннан біріншіліктің дебютанты «Академия Оңтүстік» командасы көрінді. Олар 85 ұпай жинады. Қарағандылық «Шахтердің» жастары 82 ұпай жинап, қола жүлдені олжалады. 
 
Турнирдің үздік сұрмергені - «Астана М» шабуылшысы Рамазан Кәрімов, 26 гол.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Екінші лига клубтарын маусымның аяқталуымен құттықтайды!