Екінші лига командалары арасындағы ҚР Біріншілігі аяқталды
Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының Біріншілігі өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 33 команда қатысты, олар екі конференцияға бөлінді.
Солтүстік-Шығыс конференциясында «Жетісу» жастар командасы 22 ойында 53 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. «Астана Ж» ойыншылары күміс медальдарға ие болды (49 ұпай), үшінші орынды елордалық «Жеңіс» (48) жеңді.
21 гол соққан Станислав Басманов аталмыш конференцияның үздік сұрмергені атанды.
Оңтүстік-Батыс конференциясында 20 кездесуде 40 ұпай жинап актаулық «Каспий» командасының жас ойыншылары жеңіске жетті. Көшбасшыға 1 ұпайға есе жіберіп, екінші орынға «Яссы» командасы тұрақтады. Үздік үштікті «Атыраудың» жастары тұйықтады, олар «Тұран Ж» командасын доп айырмасының арқасында басып озды.
11 голмен Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік сұрмергені болып Данил Алмазұлы («Ақжайық Ж») атанды.