KZ
KZ RU
11 маусым 2018 10:51

Екінші лига. Мамыр айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

11 маусым 2018 10:51
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің мамыр айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
«Қайрат М» шабуылшысы Марлен Айманов 30 ұпай жинап, Екінші лиганың мамыр айындағы үздік футболшысы атанды.
 
Өткен айдың ең үздік бас бапкері атағы ЦСКА клубын жаттықтыратын Асхат Қадырқұлов еншіледі. Ол әріптестерінің 7 дауысын жинады.