KZ
KZ RU
16 шілде 2019 15:13

Екінші лига. Маусым айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

16 шілде 2019 15:13

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.

 
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей: 
 
Екінші лиганың маусым айындағы ең үздік ойыншы -  Дінмұхаммед Омаров («Қыран М»)
 
Екінші лиганың маусым айындағы ең үздік бас бапкерлері - Сергей Салий («Алтай») және Олег Лотов («Тобыл М»)