KZ
KZ RU
15 мамыр 2018 10:48

Екінші лига. Сәуір айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

15 мамыр 2018 10:48
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің сәуір айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.

Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.  

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады. 

Сауалнама нәтижелері келесідей:

«Астана» ойыншысы Рамазан Кәрімов 20 ұпай жинап, Екінші лиганың сәуір айындағы үздік футболшысы атанды. 
 
«Астана» клубының бас бапкері Василий Маруняк өткен айдың бас бапкері атағына лайық деп танылды. Ол әріптестерінің 10 ұпайын жинады.