KZ
KZ RU
15 мамыр 2019 15:25

Екінші лига. Сәуір айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

15 мамыр 2019 15:25
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің сәуір айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Екінші лиганың сәуір айындағы ең үздік -  Ерқасым Ешенқұл, «Арыс».
 
Екінші лиганың сәуір айындағы ең үздік бас бапкері - Андрей Ваганов, «Ордабасы М».