KZ
KZ RU
07 қыркүйек 2018 16:46

Екінші лига. Тамыз айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

07 қыркүйек 2018 16:46

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің тамыз айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:

 
«Астана М» шабуылшысы Рамазан Кәрімов 23 ұпай жинап, екінші ай қатарынан Екінші лиганың үздік ойыншысы атанды. 
 
Тамыз айындағы Екінші лиганың үздік бапкері атағын «Шахтер М»  жаттықтырушысы Сергей Мищенко иемденді. Оның жинаған дауысы - 10.
 

ф