KZ
KZ RU
17 қазан 2022 11:10
ЕКІНШІ ЛИГА

Екінші Лиганың Біріншілігінің финалистері анықталды

17 қазан 2022 11:10

Екінші Лиганың қос конференциясының жеңімпаздары анықталды. Олар 23 қазанда өзара лиганың алтын жүлдегерін анықтайды.

Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орынды «Хан-Тәңірі» (Алматы) командасы иеленді, Оңтүстік-Батыс конференциясында «Оңтүстік академиясының» (Шымкент) жастары топ жарды.

22 қазанға жоспарланған кездесуде қола медальдарды елордалық «Жас Сұңқар» және түркістандық «Тұранның» жастар командасы өзара сарапқа салады.

Аталмыш ойындар Шымкент қаласындағы БИІК СК (Тассай шағын ауданы) алаңында өтеді.